loader


Оралда пара алған шенеунік пен сыбайласы сотталды

Оралда аса ірі көлемде пара алған құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы Арман Өксікбаев пен оның сыбайласы Александр Нағметовке сот жаза кесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шенеунік үй құрылысының актілеріне қол қою үшін мердігер компания директорымен 170 млн теңгеге келісім жасайды. Бір жыл ішінде соның 134 млн теңгесін алған. Қаражатты шенеунікке Александр Нағметов жеткізіп отырған. Сотта Өксікбаев кінәсін мойындаған жоқ. Алайда куәгерлердің айғақтарымен, тінту хаттамалары және сараптамалар қорытындысымен күдіктілердің кінәсі дәлелденді. Сот бұрынғы шенеунікті 11 жылға, ал сыбайласын 8 жылға бас бостандығынан айырды.

Асланбек Дүйсенғалиев, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

– ҚР ҚК 24-бабы, 3-бөлігі және 366-бабы, 4 бөлігіне сәйкес Өксікбаев Арман кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Нағметов Александр да дәл осы баптармен қоса, 28-баптың 5-бөлігіне сәйкес, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар екеуі де мемлекеттік қызметте және қаржылық ұйымдарда лауазымды міндеттерді атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

 

Сондай-ақ...