Астанада 20 құтқарушы марапатталды

Астанада Қостанай облысында өрт сөндіріп, жанқиярлық көрсеткен 20 құтқарушы марапатталды,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың арасында өртсөндірушілер, ішкі істер органдарының және әскери қызметкерлер мен еріктілер бар. Мемлекет басшысының Жарлығымен  әскери және қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен  жанқиярлығы мен батылдығы үшін мемлекеттік награда  «Ерлігі үшін» медалі табыс етілді. Сонымен қатар 48 адамға Президенттің Алғысы жарияланып ақшалай сыйақымен марапатталды.Осы өрт кезінде 43 мың гектар орман алқабы жанып кетті. 12 адам зардап шегіп, бір адам опат болған еді.