Хромтауда өрттен 4 адам ауруханаға түсті

Хромтауда өрттен 4 адам ауруханаға түсті

Ақтөбе облысының Хромтау ауданында өрт болып, 4 адам ауруханаға түсті.

Оқиға өткен түнде болған. Жеке үйдің ауласында орналасқан, шағын жазғы баспанадан от шығып, ол жанындағы гаражға да ұласқан. Соның салдарынан екеуі де жанып кетті. Гаражда тұрған көлікті де, құтқарып қалу мүмкін болмаған. Абырой болғанда, автокөлікке орнатылған газ баллоны жарылмады. Алайда өрттің салдарынан 4 адам зардап шекті. Оның екеуі жазғы үйді жалдап тұрушы болса, қалған екеуі баспана иелері. Қазір олар дәрігерлердің жіті бақылауында.     

Запира Аманжолова, мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері:

- Өрт салдарынан 4 адам термикалық күйік алып, аудандық орталық ауруханасына реанимация бөлімшесіне жатқызылды. Зардап шегушілердің жағдайлары ауыр. Өрт кезінде құтқарушылар күшімен гараж ішінде тұрмыстық газ баллоны шығарылды. Аулада бөлек тұрған жеке үй құтқарылды. Өрт шығу себебі анықталуда.