Түркістанда жиһаз цехынан өрт шықты

Бүгін түс ауа Түркістандағы жеке тұрғын үйлердің бірініңаумағында орналасқан 2 қабатты жиһаз шеберханасы өртке оранған болатын, деп хабарлайды «Хабар 24» Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қоймада жиһаз заттары жанған. Алдын ала болжам бойынша тілсіз жау 800 шаршы метр жерді күлге айналдырған. Ал қойманың жалпы ауданы 2300 ш.м. Жиһаз шеберханасынан шыққан өрт толығымен сөндірілді.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт себебі анықталуда. Қызыл жалын 16-36-да оқшауланып 17:16 толығымен сөндірілді. Өртті сөндіруге облыстық ТЖД-нің 45 қызметкері мен 17 бірлік техникасы жұмылдырылды.