Қызылорда облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды

Қызылорда облысында Самара – Шымкент тас жолында қайғылы жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 адам көз жұмды, деп хабарлады Polisia.kz.

«3 қазанда Қызылорда облысының Қармақшы ауданы Шымкент – Самара тас жолының 1573/693 шақырымында автобус пен жеңіл көліктің соқтығысу салдарынан​ жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Жол апаты салдарынан 5 адам көз жұмды, 4 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды» делінген хабарламада. 

Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. 

Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.