Көкшетауда есірткі сатуға тырысқан күдікті ұсталды

Көкшетауда синтетикалық есірткі сатуға тырысқан елордалық қолға түсті; деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресми мәліметке сенсек, күдікті әлеуметтік желідегі хабарландырудың табысына қызығып, есірткі тасымалдаушы болып жұмыс істеген. Бұл әрекеттің заңғы қайшы екенін біле тұра келіскен ол өзінің алғашқы жұмыс күнінде полицейлерге ұсталды. Тінту кезінде күдіктінің сөмкесінен өлшеніп оралған байлам табылды. Оның ішінде ақ түсті ұнтақ консистенция болған. Сондай-ақ күртешесінен осыған ұқсас тағы 37 байлам тәркіленді. Психотроптық заттардан бөлек, күдіктінің телефоны да тәртіп сақшыларының қолында. Оның ішінде тыйым салынған заттарды қайда жасырғанын түсірген суреттер және тапсырыс берушілермен сөйлескен чаттар анықталды.