Оралда түнгі клубта жаппай төбелес ұйымдастырған ресейлік азаматтар елден шығарылды

Тəртіп сақшыларының айтуынша, шет жерлік жас жігіттер мас күйде болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төбелес қыркүйектің 30 күні түнде бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Полиция сол кезде төрт адамды ұстады. Кейін сот жаппай төбелеске қатысы бары анықталған ресейліктерді елден шығару туралы шешім шығарды.

Айта кету керек, олардың үшеуі Қазақстанға Саратов облысынан, ал біреуі Уфа қаласынан жеткен екен. Олардың барлығына да әкімшілік хаттама толтырылды.

Жанболат Жаншин, БҚО ПД бастығының бірінші орынбасары:

- Осы төрт азаматқа қатысты қоғамдық орында ішімдік ішкені үшін 440 жəне 434-ші баптар бойынша əкімшілік іс қозғалды. Сонымен бірге қоғамдық тəртіпті бұзғаны үшін 7 659 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ...