Елде 1 478 адам жол апатынан көз жұмды

12 мыңнан астамы түрлі жарақат алған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Десе де ережені бұзып, апат жасайтындар азаймай тұр. Керісінше 14%-ке көбейді. Ішкі істер министрі Марат Ахметханов Үкіметте осындай мәлімет келтірді.

Оның айтуынша, апатқа бірнеше себеп бар. Ең негізгісі жүргізушілердің біліксіздігі. Адам өліміне әкелген жол апаттарының тең жартысына көлік басқаруды өз бетінше үйренгендер кінәлі болған. Сондай-ақ рөлге ішіп отыратындар бар. Жыл басынан бері 17 мың 500 адам ұсталды. 20 мың жүргізуші көлік басқару құқғынынан айырылды. 106 мың жүргізуші техникалық регламенттердің талаптарына сай келмейтін көлікті басқарғаны үшін жауапқа тартылды, тағы 80 мың жүргізушіге жалпы техникалық тексеруден өтпегені үшін айыппұл салынды. Премьер-министр жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жауапты министрліктергі бірқатар тапсырма берді.