Алматыда есірткі контрабандасының жолы кесілді

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті Авиациялық көлік прокуратурасымен бірлесіп, аса ірі мөлшерде есірткі контрабандасының жолын кесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматыда қызметтік иісшіл ит көмегімен жедел-іздестіру шарасы кезінде АҚШ-тан пошта жолдамасын алғаннан кейін жалпы салмағы шамамен 649 грамм марихуана, сондай-ақ жалпы салмағы 675 грамман астам гашиш есірткі заттары табылып тәркіленді.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми

Алматы қаласының тұрғындары уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар Telegram мессенджері арқылы Қазақстан аумағында есірткі сатуды жоспарлады, тінту барысында электрондық таразылар мен өлшеп орауға қажетті басқа да құралдар табылды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабы тәртібінде тергеу мүддесінде жария етілмейді.