Киберқалқан 20 миллион шабуылға тойтарыс берді

Бүгінде ол күшейтілген режимде жұмыс істей бастаған. Мамандар кибершабуылдардың көбеюін елдегі сайлау кезеңінің басталуымен де байланыстырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай шабуылдардың негізгі мақсаты – жаһандық Қазнет инфрақұрылымының қызметін бұзу болуы мүмкін екендігін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та айтқан. Президент белгілі бір сыртқы күштер біздің елге қиындық туғызуға ниетті екенін. Олар Қазақстандағы оң өзгерістерге кедергі жасағысы келетінін, бірақ біз таңдаған бағытымыздан бас тартпайтынымызды айтқан болатын.