Алматыда автобус үйге соғылды

Бүгін Алматыда кешкі сағат алты шамасында автобус жолдан шығып кетіп, тұрғын үйге соғылды.

Қалалық полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріповтің айтуынша, қоғамдық көлік жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған. Жол апатынан жүргізуші мен алты жолаушы зардап шекті. Қазіргі уақытта осы жол көлік оқиғасына қатысты басқа да деректер анықталып жатыр.

Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:

- Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігімен көзделген қылмыс бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық іс бойынша өндірісті Алматы қаласы ПД анықтау Басқармасы жүргізетін болады.

Сондай-ақ...