Самара-Шымкент жолында автобус аударылып, 9 адам жараланды

Самара-Шымкент тас жолының Ақтөбе облысы аумағында автобус аударылып қалды.

Көлікте сол сәтте 52 жолаушы отырған екен. Түрлі жарақат алған тоғыз адам  Хромтау қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. Полицияның хабарлауынша, жүргізуші рульге ие бола алмай, автобус жолдың жиегіне шығып кеткен. Жолаушылардың барлығы  күзет қызметіндегі агенттіктердің бірінде жұмыс істейді. Автобус оларды кезекті ауысымға апара жатқан екен.