Аягөзде екі адамнан заңсыз қару табылды

Аягөзде екі шаруа қожалығының басшысы заңсыз қару сақтаған.

Полицейлер олардың бірі, яғни 55 жастағы азаматтан винтовка тапты. Ол болса, суық қаруды үш күн бұрын көшеден тауып алғанын, кейін полицияға тапсырмақ болғанын айтқан. Ал екінші азамат әкесіне тиесілі қаруды үйінде сақтаған. Енді сол үшінжауапқа тартылады.

Нариман Күлдіков, полиция департаменті басшысының орынбасары:

-  Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оған сәйкес 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.