Алматы әуежайда power bank жанып кетті

Алматы әуежайында жолаушының қолындағы power bank өртенді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматы – Бішкек рейсіне шыққан жолаушының қалтасындағы қуат құрылғысынан тексеріс рәсімінен өтіп жатқан кезде от шыққан.Осы себепті Қазақстан авиациялық әкімшілігі азаматтарға қауіпті заттарды тасымалдауда әуе компаниясының ережелерін басшылыққа алуды ескертеді. Яғни жолаушылар қуат құрылғысы бар екенін алдын ала айтуға тиіс. Жалпы жүкті әуе арқылы тасымалдау жөніндегі техникалық нұсқаулыққа сәйкес қосалқы батареялар, соның ішінде қуат көздері арнайы қорапта қол жүгімен тасымалдануы керек.