Түркістан облысында 2 жасар бала жаңбыр суына тұншығып қалды

Түркістан облысында 2 жасар бала жаңбыр суына тұншығып, қайтыс болды.

Қайғылы оқиға бүгін таңертең сағат 09:30 шамасында Қазығұрт ауданында болды. 2020 жылы туған сәби өз үйінің ауласында жауын суына толған шұңқырға батып кетті. Сондай-ақ толассыз нөсер салдарынан облыстың Қазығұрт, Бәйдібек және Сарыағаш аудандарында жеке тұрғын үй мен 21 ауланы су басты. Салдарынан 13 ірі қара мал қырылды. Қазіргі уақытта жағдай Түркістан облысы әкімдігі мен Төтенше жағдайлар департаментінің бақылауында.

Талғат Досалиев, облыстық ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының басшысы:

- Жалпы осы су сору жұмыстарына жергілікті атқарушы органдар мен департаменттің қызметкерлері тиісті су қашырту жұмыстары атқарылуда. Қазіргі таңда су айдау жұмыстары толық аяқталды.