Петропавлда журналиске күш көрсеткендер сотталды

Петропавлда арнамыздың түсіру тобына күш көрсеткен күзетшілердің ісіне қатысты сот процесі жалғасып жатыр.

Бүгін судья айыпталушыдан жауап алды. Сотталушы қоғамдық орынға кімдердің келгенін білмей, БАҚ өкілдерін араңдатушылар деп қалғанын айтты. Жәбірленушілерден еш құжат сұрамай, түсіру тобын күштеп сыртқа шығаруға бұйрық берген. Осылайша ол өз кінәсін мойындамады. Ал прокурор болса, жаңа айыптау актісін материалға қосуды талап етті. Келесі сот отырысы төртінші қарашада өтеді. Еске сала кетейік, былтыр тамызда арнамыздың тілшілері қаладаға ең ірі орталыққа барып, «Ашық» бағдарламасының жүмысы жайында материал жасамақ болған. Алайда күзет қызметі ондай мүмкіндік бермеді. 

Дмитрий Баранов, адвокат:

- Ең бастысы, істің біліктілігі өзгеріссіз қалып отыр. Яғни ҚР ҚК 158-бабы 2-бөлігі бойынша іс қаралып жатыр. Бұл журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау. Жаңа айыптау актісінде оператордың құрылғысына зақым келгендігі айтылған. Сондықтан судья айыпталушымен оның қорғаушысына бұл актімен танысуға уақыт берді.