Теміртауда жылусыз қалған 58 үйдің 48-і жылу жүйесіне қосылды

Теміртау қаласында ең ірі үшінші жылу магистралінде болған апат салдарынан жылусыз қалған 58 үйдің 48-і жылу жүйесіне қосылды.

Қазір қалған 10 үйді қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысының сөзінше, апат құбырдың тіреуін дұрыс орналастырмау салдарынан болған.

Естеріңізде болса, осы магистральге қарасты 5 шақырымға жуық құбыр биыл мерзімінен кешігіп ауыстырылған болатын. Оған бюджеттен 4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген еді.

Ринат Қыдырбеков, қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

- 58 үйдің 48-і жылуға қосылған. 10 үй қосылған жоқ. Күштер жеткілікті, барлық жұмыстарды салып, қысқа мерзімде барлық штаттан тыс жағдайды жоямыз.

Сондай-ақ...