Ақсу өзенінен денесі табылған әйелдің кім екені белгілі болды

Ол Төлеби ауданының тұрғыны болып шықты. Біраз бұрын Шымкент қалалық полиция департаментіне әйелдің хабар-ошарсыз кеткені туралы туыстары шағымданған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәртіп сақшылары осы іске қатысы бар деген күдікпен марқұмның көршісін ұстады. Тергеу барысында күдіктінің жәбірленушіден қарызға ақша алғаны белгілі болды. «Кейін оны қайтармау үшін көршісінен құтылудың амалын іздеген. Сөйтіп, өзен жаққа алдап апарып, жартастан итеріп жіберген», - дейді полицейлер. Әйел алған жарақаты салдарынан сол жерде қайтыс болған.

Айта кетейік, 10 қазан күні құтқарушылар өзеннен үндістандық студенттің денесін іздеп жүргенде,  белгісіз әйелдің мәйітін тауып алған болатын.

Қанат Дүмшебаев, облыстық ПД Тергеу басқармасы бастығының міндетін атқарушы:

- Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 99 бабының 1-бөлігімен кісі өлтіру бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі таңда қылмыс бойынша қажетті сот сараптамалары тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.