Жамбыл облысында пойыз бен көлік соқтығысты

Жамбыл облысында пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, 6 адам оқиға орнында қаза болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиға бүгін таңертең 08.55 шамасында Меркі ауданының Қарасу ауылы маңындағы Түрксіб станциясына қарасты өткелде болған. «Ауди» маркалы автокөлік жолаушылар пойызынан бұрын теміржол өткелін кесіп өтпек болған. Салдарынан пойыз жеңіл көлікті соғып, біраз жерге сүйреп барып тоқтаған. Қазір оқиғаға құқықтық баға беру үшін тиісті материалдар жинақталып жатыр.

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облысы пд баспасөз қызметінің жетекшісі:

– Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында кезекшi жедел-тергеу тобы жұмыс iстеуде. Қазіргі таңда оқиғаның мән жайы анықталуда.