Елімізде адам саудасы тыйылмай тұр

Адамды бостандығынан айыру, еркінен тыс құлдықта ұстау, бұл – әлем бойынша өткір тұрған мәселе. Қазақстанды да сырт айналып өтпеді. Адам саудасы көбеймесе азаймай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Статистиканы сөйлетсек, айналдырған 4 айдың ішінде адамды зат тәрізді сатқан 3 қылмыстық топ анықталды. 30-ға жуық факті тіркелді. Халықаралық ұйымдар мен ел ішіндегі жауапты сала мамандары нақты іс-әрекетке көшу керек деген байламға келді. Осы орайда Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жаңа заң қабылдау керек екенін айтты. Сонымен қатар осы саладағы қатынастар 10 заңмен, мемлекеттік органдардың әртүрлі бұйрықтарымен реттеледі. Бірақ соның бәрі шашыраңқы. Арнайы заң жоқ, - деді, Ахметжанов.

Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:

- Бүгін үш ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтадық. Соның ішінде 11 адам қамауға алынды. 27 жәбірленуші бар. Оның ішінде 6-ы кәмелетке толмағандар. Адамдар шағымданып жатса мемлекеттік органдарға оның да процессуалдық статусын ертең жәберленуші болу мүмкін деп. Соған мемлекеттен заңды түрде көрсетілген көмекті көрсету соны жәбірленуші болмаудан алып қалу мәселелерін шешеді деп үміттенеміз.

Біріккен ұлттар ұйымының мәліметіне сәйкес, әлемдегі адам саудасы құрбандарының 70%-і– әйелдер мен жас қыздар. Ал әрбір үшіншісі – балалар. Өкінішке қарай, бұл проблеманың Қазақстанға да қатысы бар», - деді Марат Ахметжанов. Оның мәліметі бойынша қазір жыл сайын елде 100-ден астам осындай қылмыс тіркеледі. Сандар көңіл көншітпейді. Тіпті сәбилерді сату да тыйылмай тұр. Уәкілетті органдардың берген ақпаратына сәйкес, адам саудасы елімізде, әсіресе, мегаполистерде сондай-ақ Шымкент қаласында көп кездеседі. Еркінен тыс тән саудасына жегілетіндер көп.

Әлібек Оразалы, ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті басқарма басшысының орынбасары:

- Ағымдағы жылы елімізде адам саудасына қатысты 10 қылмыс тіркелді. Сонымен қатар кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерді жезөкшелікке тарту фактісі 8. Ал жас нәрестелерді сатып алу фактісі 9 екені анықталып отыр. Тамыз айында осы Шымкент қаласында 11 адамнан тұратын қылмыстық топ құрықталды. Олар еліміздегі әр қаласынан келген қыздарды жезөкшелікке тартып оларды мәжбүрлеп ұстаған. Олардың ішінде кәмелет жасына толмағандар да бар.

Бұл салада шешімін таппаған тағы бір мәселе бар болып шықты. Мамандардың айтуынша, адам саудасы мен зорлық-зомбылықтың құрбаны болғандарға осы уақытқа дейін төленуі тиіс өтемақы мүлде берілмеген. Заң бойынша олар 30 АЕК көлемінде қаржы алуға құқылы, бірақ заңның шикілігінен тиісті тұлғалар аталмыш қаржыны ала алмай отыр. Енді бұл мәселе де жаңа жобада кеңінен қамтылмақ.

Авторлары: Гүлзия Нақыпқызы, Арман Ақшабаев