Шымкентте тұтынушыларын таластырған дүкен иесі жауапқа тартылатын болды

Шымкентте тұтынушыларын таластырған дүкен иесі жауапқа тартылатын болды

Шымкентте тұтынушыларын таластырған дүкен иесі жауапкершілікке тартылатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шымкенттегі спорттық киім сататын дүкен иесі ұйымдастырған акцияның соңы шуға айналды. Арзан киім алғысы келген көпшілік жарнаманы естіген бойда дүкенге қарай лап берген. Нәтижесінде дүкенге кіруге таласқан тұтынушылар бір-бірінің өміріне қауіп төндірді. 

Ал бүгін дүкен иесі көпшіліктен кешірім сұрады. 

«5 қараша күні болған акцияны әлеуметтік желіге таратуымның себебінен адамдар көп жиналып, түсінбеушіліктер болды. Соның салдарынан тұрғылықты учаскелік инспекторды шақырып, жағдайды реттестірдік. Құзырлы органдарға хабар бермеуімнің себебінен осындай жағдай болды. Сіздерден кешірім сұраймын. Енді осындай акция ұйымдастырып өткізетін болсам, міндетті түрде құзырлы органдарға хабар беремін», - дейді ол. 

Айта кетейік, бүгін аталған жағдай бойынша түсінік берген Шымкент қалалық полиция департаментіндегілер дүкен иесінің ҚР ӘҚБтК-нің 488-1-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын хабарлады.