Әулиекөлде өрттен зардап шеккендерге берілген үйлерге кәріз желісі келер жылы тартылады

Мамандар сараптама жүргізіп, орнатылатын жабдықтың құнын анықтап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені өткен аптада қар аралас жаңбыр жауып, жаңа шағын аудандағы 12 үйдің ауласына су жайылған еді. Су бір күнде толық сорылып, қауіптің беті сейілген. Қазір мамандар тұрақты бақылaп отыр. Арнайы ассенизатор да алынды. Жалпы «Бірлік» шағын ауданының құрылысына Үкіметтен 2 миллиард 200 миллион бөлінген. Соның 600 миллионнан астамы инженерлік инфрақұрылымға жұмсалады.

Берік Таңжарықов, құрылыс басқармасының басшысы:

- Құрылыс жұмыстары қысқа мерзімде атқарылғандықтан жобада септиктер орнату қарастырылмады. Мердігерлер оларды уақытша қойды. Ал автономды кәріз желісін салуды кейінге қалдыруға мәжбүр болдық. Көлемі қанша болатынын анықтап қойғанбыз.

Сондай-ақ...