Қала әкімдіктерінің жанындағы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар жер учаскелерін заңсыз беріп жатыр. Мәжіліс депутаты Дания Еспаеваның айтуынша, олар жерді конкурс арқылы бөлу керек. Алайда Астанада соңғы аукцион 3 жыл бұрын өткізілген. Сондай-ақ жауаптылар жер телімдерін жаңа зауыттар мен инновациялық өнім шығаратын компанияларға емес, мейрамхана, сауда орталықтары немесе жанар-жағармай құю стансаларына беріп жатқаны белгілі,- деді депутат, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сонымен қатар әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар мен құрылыс компаниялары арасында жерді пәтерге алмастыру тәжірибесі жиілеп кеткен. Кейін ол үйлер мұқтаж адамдарға емес, әкімдіктің қызметкерлеріне бұйырады,- деп мәлімдеді Дания Еспаева. Осы орайда Мәжіліс депутаттары бұл ұйымдарды әкімдіктерден шығарып, бәсе-келі ортаға көшіруді талап етіп отыр.
Дания Еспаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Елордадағы дипломатиялық қалашықтың маңындағы 14 учаскені құрылыс компаниясына берген әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация Атлант тұрғын үй кешенінен 13 пәтер алған. Олардың 8-і сатылып, қалғаны корпорация мен әкімдіктің қызметкерлеріне бұйырды. Жалпы соңғы 5 жылда бөлінген жердің 70%-іне үй салынды. Астананың орталығында бір соттығы 2,4 миллион теңгеге сатылып кеткен 216 жер телімі бар. Өндірістік кәсіпорындарға тек 80 учаске берілген. Біз әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар мәселесін бұған дейін де көтергенбіз. Алайда үкімет тиісті шешімдер қабылдамады.