Біртановтың қорғаушылары сот шығарған үкімге шағым түсірді

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қорғаушылары сот шығарған үкімге шағым түсірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Адвокат Дмитрий Куряченко біздің арна тілшілеріне бұл ақпарды растады.

Оның айтуынша, қорғаушылар сот шешімін қарашаның 4-інде алды. Аппеляцияға беру мерзімі 3 күннен кейін аяқталады. Адвокаттар барлық аппеляциялық құжатты одан жоғары тұрған сотқа тапсырып үлгерді.

Айта кетерлігі, бұл шағым тек Біртанов қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыпқа ғана қатысты. Енді бұрынғы вице-министр Олжас Әбішевтің қорғаушылары да осындай қадамға баруды көздеп отыр.