Алматыдағы қоймадан шыққан өрт сөндірілді

Соңғы мәлімет бойынша Алматыдағы қоймалардың бірінен шыққан өрт оқшауланып, толық сөндірілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тілсіз жау туралы алғашқы хабар кезекші пультке сағат 11-ге таман түскен. Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Көлік кептелісіне қарамастан алғашқы өрт сөндіруші машиналар 8 минутта жеткен. Түтін біраз жерден байқалады. Оттың басқа контейнерлерге тарап кетпеуіне жол бермеу үшін барлық күш жұмылдырылған. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жағдай бақылауда екенін хабарлады.