Рудный қаласында қайтыс болған егіздер тамақтан уланған болып шықты

Сот-медициналық сараптаманың нәтижесі осындай. Естеріңізге сала кетейік, 12 қазан күні алты жасар Әділ мен Мирас аяқ астынан ауырып, қалалық ауруханаға түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Инфузиялық терапиядан денсаулығы  жақсарғаннан кейін келесі күні үйіне  жіберілді. Бірақ сол күні белгісіз себептермен екеуі де көз жұмған. Сол кезде балалардың есірткіден улануы мүмкін деген әңгіме тараған. Алайда ол расталмады. Қазір полицейлер қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша іс қозғады.

Назгүл Шабдарова, ПД Баспасөз қызметінің өкілі:

- Рудный қаласындағы балалардың қайтыс болу фактісі бойынша сот-медициналық сараптамасы жүргізілді. Тергеу аясында оқиғаның мән-жайын толық анықтайтын тағы бір сараптама тағайындалды.