Көші-қон заңнамасын бұзған Шри-Ланканың төрт азаматы елден шығарылды

Олар визада көрсетілген мерзімде ел аумағынан шығудан жалтарған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. Шетелдік азаматтарға  5 жыл мерзімге Қазақстан аумағына кіруге тыйым салынды.  Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты тиісті қаулы шығарды.