Алматыдан ұрланған қару-жарақ Жетісу облысындағы зират маңынан табылды

Бұған қоса түрлі калибрлі 300 оқ-дәрі де тәркіленді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Полицейлер, суық қарудың қаңтар оқиғасы кезінде оңтүстік шаһардағы қару-жарақ дүкенінен ұрланғанын анықтады.  Қазір аталған  жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды.