Шымкентте жиһаз цехы өртеніп кетті

Шымкентте жиһаз шығаратын цех өртенді.

Қойкелді батыр көшесінде орналасқан кәсіпорынның шатыры  жанып кетті. Қызыл жалын нысанның 290 шаршы метр аумағын шарпыған. Жабдықтарының біраз жарамсыз болып қалды. Төтенше жағдайлар департаменті  мамандарының хабарлауынша, өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Отты ауыздықтауға 38 өрт сөндіруші мен 9 арнайы техника тартылды. Сондай-ақ апаттар медициналық орталығының бір бригадасы келді. Зардап шеккендер жоқ.