Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды

Қарағанды облысында жол-көлік апатынан 3 адам көз жұмды.

Оқиға Алматы-Екатеринбург жолының бойында болған. Қарсы бетке шығып кеткен ВАЗ көлігінің 21 жастағы жүргізушісі «МАN» жүк көлігіне бетпе-бет соқтығысып, салдарынан жеңіл көлік тізгіншісі мен екі бірдей жолаушысы мерт болған. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция жөндеу жұмыстары жүріп жатқан Қарағанды – Балқаш бағытындағы жолда барынша мұқият болуға кеңес береді.