Ақтөбе облысында жол апатынан 7 адам қаза тапты

Ақтөбе облысында бүгін жол апатынан 7 адам көз жұмды. 

Қайғылы оқиға Ақтөбе-Астрахань тас жолында болған. Елек ауылы маңында ВАЗ-21 көлігінің жүргізушісі жанама жолдан негізгі жолға шыға бастағанда Lada Largus автокөлігіне соққан. Салдарынан соңғысы қарсы бағытта келе жатқан Kia Sorento көлігіне соқтығысты. Полицейлердің хабарлауынша, Ладаның 43 жастағы жүргізушісі мен 6 жолаушысы қаза тапты. Kia автокөлігінде болған 4 адам түрлі дене жарақатын алған.

Айдос Құлжанов, облыстық ПД ЖПҚ бастығының орынбасары:

- Киа автокөлігінің жүргізушісі және 3 жолаушысы оқиға орнынан ауруханаға жеткізілген. Осыған байланысты барлық жол қозғалысы қатысушыларын жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жолда өте сақ болуға шақырамыз.