ШҚО Экология департаментінде пара алу дерегі тіркелді

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері хабарлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың айтуынша, жергілікті ведомстваның бөлім басшысы жалған шағыммен кәсіпорындарда тексеру ұйымдастырып, анықталған заң бұзушылықтар үшін ақша талап еткен. Қазір оған қатысты іс сотта қаралып жатыр.

Сонымен қатар құзырлы орган мамандары экологтардың бақылау – өлшеу аспаптары сын көтермейді дейді. Қондырғылар 90%-ке ескірген.

Талғат Башев, ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары:

- Біз департамент басшысының орынбасарына қатысты қылмыстық істі тергедік. Ол жөн-жосықсыз тексерулерге бастамашыл болған. Танысына өтініш жаздыртып, кейін заңсыз жолмен ақша алғаны анықталды.