Қайрат Боранбаевты қамауда ұстау мерзімі екі айға ұзартылды

Бұл ақпарды Астана қалалық сотының баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл наурыз айында Қаржылық мониторинг агенттігі кәсіпкерге қатысты тергеу бастаған болатын. Оның үстінен квазимемлекеттік сектордан аса ірі мөлшерде қаржы жымқыру дерегі бойынша іс қозғалған.