Арқалық жылыту орталығында жарылыс болды

Дүмпуден қазандықтың төсемі қирап қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Екінші су жылытқыш және үш бу қазандығы қалыпты режимде істеп тұр. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген. 

Естеріңізге сала кетейік, шағын шаһарда көмірмен жанатын жаңа жылу орталығы былтыр қолданысқа берілген. Шығынды азайту мақсатында бұл мақсатқа 7,5 млрд теңге жұмсалды. Себебі орталық қымбат мазутты пайдаланып келді. Қазір оқиға орнына сарапшылар жүр. Олар жарылыстың неден болғанын анықтап жатыр.

Ерлан Раисов, Арқалық қаласы әкімінің орынбасары:

- Қазіргі кезде бір бу мен ыстық су қазандығы істеп тұр. Бұл болған оқиғаның қалаға жылу беретін ешқандай әсері тимейді. Ешкім ешқандай жарақат алған жоқ.