Астанада мысықты құтқармақ болған бала ажалдан аман қалды

Астанада мектеп оқушысы мысықты құтқарам деп өлім аузынан қалды. 

Оқиға Ақбұлақ өзенінің бойында болды. 11 жастағы жеткіншек мұз үстінде отырған мысықты шығарам деп өзеннің сағасына түскен. Жұқа мұз баланың салмағын көтермей жарылып өзі батып кете жаздады.

Абырой болғанда жанталасып жатқан жасөспірімді төңіректе жүрген Елена Шелестюк байқап қалып дереу көмекке ұмтылып шығарып алды.

Суға кеткен баланы құтқарған әйелді полицейлер марапаттап алғыс білдірді.