loader


Қарағандыда жол апатына ұшыраған 4 адамның жағдайы ауыр

Қарағанды қаласына кіреберістегі көпір үстінде соқтығысып қалған екі автобустағы зардап шеккендер саны 18-ге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәрігерлер 4 адамның жағдайы аса ауыр екенін айтып отыр.

Еске салсақ, бүгін таңертеңгі уақытта қалааралық бағытта жолаушылар тасымалдайтын екі қоғамдық көлік бетпе-бет соқтығысып, салдарынан бір жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Ал екінші автобуста жолаушылар болмаған. Құтқарушылар автобус ішінде қысылып, мерт болған жүргізушінің денесі мен тағы 8 адамды шығарып алған. Аталған істің мән-жайын дереу полиция анықтауға кіріскен болатын. Дәрігерлер қазір екі жолаушыға операция жасалып жатқанын айтады. 

Берік Төлеубаев, Х. Мақажанов атындағы көпбейінді емхананың травматология орталығының басшысы: 

- Қазіргі жағдай бойынша 18 науқас келді. Оның ішінде 4-і ауыр. Екі адам Оңтүстік шығыстағы ауруханаға жеткізілді. Ең ауыр екеуі осында қалдырылды. Оларға шокқа қарсы ем шаралар қолданылып жатыр. Олар қазір операция бөлімінде.

Сондай-ақ...