loader


Атырау облысына қарасты Құрманғазы ауданында мұнай төгіліп жатыр

Атырау облысына қарасты Құрманғазы ауданында мұнай төгіліп жатыр. Кеше кешкісін аудан орталығынан 250 шақырым жерде орналасқан Сүйіндік ауылдық округіне қарасты «Ыдырыс» қыстауының маңында мұнайға ұқсас қара сұйықтық жайылған, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Мұны көрген жергілікті тұрғын дабыл қақты. Ақпаратты тексеру үшін Сүйіндік ауылдық округінің әкімі, учаскелік полиция инспекторы, жергілікті тұрғын көрсеткен жерге барды. Батырбек ауылынан 8-9 шақырым жерде мұнай өніміне ұқсас қара майдың, жалпы ауданы 50 шаршы метрге жайылғаны анықталды.

Айта кетейік, бұл жерде «Смарт Ойл» серіктестігі 2022 жылдың тамыз айынан бастап барлау бұрғылау жұмыстарын жүргізіп келеді.

Сондай-ақ...