Құмар ойыннан шектелгендер тізімі жарияланады

Букмекерлік кеңселер мен бас тігу орындарындағы ставкалар есепке алынады. Мәдениет және спорт министрлігі арнайы қағида әзірлеп, көпшілік талқылауына жіберді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ құмар ойыннан шектелген азаматтардың тізімін жариялау көзделеді. Оған сот шешімімен не өзін-өзі тыйған жеке тұлғалар енеді. Букмекерлік орталықта тіркелмеген ақша есебінен ставка қабылдауға да рұқсат берілмейді. Қағидаға сай букмекерлік кеңселер мен лотереялар осы адамдар мен олардан келіп түскен қаражат жайлы ақпаратты, бәс тігу орталығына онлайн беріп отыруға міндеттеледі.