Абай облысындағы Таскескен-Бақты автожолында 107 автокөлік кептелісте тұр

Абай облысындағы Таскескен-Бақты автожолында 107 автокөлік кептелісте тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».  

50-і жүк таситын, 55-і жеңіл көлік, 2-еуі автобус. Төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары жолда қалған жүргізушілерге көмек қолын созуда. 60 адам эвакуациялық бекетке баруға келіскен, олар жақын маңдағы елді мекенге жеткізіледі. Дәл қазір, боран кесірінен жолды тазарту мүмкін болмай тұр. Бірақ күн ашылған бойда,  қардан тазарту жұмыстары басталады-дейді құтқарушылар. Сол секілді, Жетісу облысындағы тас жолдарда 70 шақты жүк көлігі қар құрсауында қалған. Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райы қолайсыз күндері қауіпсіздік мақсатында жолға шықпауды ескертеді.