Астана-Ыстамбұл рейсі кейінге шегерілді

Астана Ыстамбұл бағытына жолға шығатын «Pegasus Airlines» әуекомпаниясының ұшағынан техникалық ақаулар табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы себепті рейс 30 сағатқа кешікті. Қазір барлық жолаушыларға ыстық тамақ пен жатын орын берілді. Енді олардың бір бөлігі Түркияға ертең ұшады делінген азаматтық-авиация комитетінің ресми мәліметінде. Ал ақау анықталған ұшаққа қажетті бөлшектер енді жеткізіледі. Егер жолаушылар қаласа әуе компаниясы ұшақ билетінің ақшасын қайтарып беруге дайын.