loader


Екібастұзда тағы да құбыр жарылды

Әбден ескіріп-тозған жылу жүйесі биылғы қыстың қаһарына шыдас бере алар емес. Қалада қазір 15 жөндеу бригадасы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».    

Олар түні бойы Екібастұздың басым бөлігіндегі жылу құбырларын қалпына келтірді. Қазір 5 әлеуметтік және 20 шақты заңды тұлғаға тіркелген ғимараттар мен тағы осыншама көпқабатты үй жылусыз отыр. Сол себепті қалада жергілікті масштабтағы төтенше жағдай жарияланды. Мамандар жылу жүйесінің жағдайын жіті тексеруге кірісті...

Аян Бейсекин, Екібастұз қаласының әкімі:

- Қаладағы жылу жүйесінің 90% тозығы жетіп тұр. Сондықтан оны жаңғыртудан өткізу қажет. Алдағы жарты жылдың ішінде техникалық аудит бойынша тексеру жүргіземіз. Содан кейін барып қана нақты шешім қабылданатын болады.

Сондай-ақ...