loader

Атырау облысында бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсау дерегі анықталды

Атырау облысында бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсау дерегі анықталды

Исатай аудандық әкімдігі мен құрылыс бөлімі атқарылмаған жұмысты қабылдап алған.

Атап айтқанда, Аққыстау ауылында салынып жатқан 60 пәтерлік 3 көпқабатты үйдің құрылысына бөлінген 330 млн теңгені толығымен мердігер мекемеге аударып жіберген. Ал үйлердің құрылысы әлі аяқталған жоқ.  Бұл келеңсіздік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің кезекті тексерісі барысында анықталып отыр. Тексеріс негізінде жауапты мекемелерге ұсыным берілді. Енді мердігер мекеме алған қаражатына үйлердің құрылысын жалғастыратын болады. Жаңа пәтерлер 2023 жылдың бірінші тоқсанынан бастап пайдалануға беріледі.

Ерлан Досанов, СҚҚІҚА Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы:

- Мердігер мекемемен кездестік. Аудан әкімі болды, орынбасарлары және тиісті қызметкерлер болды. Себептерін талқыладық. Жұмыс бітпей тиісті актілерге қол қойған. Бірақ жұмыс аяқталмаған. Енді мердігер мекеменің айтуы бойынша бұл арада әртүрлі себептер:  құрылыс материалдарының бағасы көтерілуі, және тағы да басқа себептер. Қазіргі уақытта бұл нысандардың бітуі біздің тікелей бақылауымызда ұсталынады.

Сондай-ақ...