loader

Ақтөбедегі тергеу абақтысына телефон кіргізбек болды

Ақтөбедегі тергеу абақтысына телефон кіргізбек болды

Сәлем-саухатты жібергендер USB сым, құлаққап, екі ұялы телефонды азық-түлік  және гигиеналық заттардың ішіне жасырған.

Ал қорапты қамауда отырған күдіктілердің біріне поштамен жөнелткен. Жіті тексерудің нәтижесінде тыйым салынған заттар тәркіленді. Құйтырқы әрекетке әзірге кім барғаны белгісіз. Іздеу шаралары жүріп жатыр.

Аман Құлмұхамбетов, облыстық ҚАЖД №70 мекемесінің бастығы:

- Сәлем-саухатты жіберген тұлға анықталғаннан кейін әкімшілік хаттама толтырылады. Заңсыз заттарды өткізу үшін адамдар түрлі амал-әрекет жасайды. Телефон, сим-карта сияқты байланыс құралдарын кіргізуге әрекеттенеді. Кейінгі кезде осындай 10-15 дерек тіркелді.

Сондай-ақ...