Ақтөбеде ішкі істер органдары қызметкерлерінің жалған куәліктерін сатқан күдікті ұсталды

Ол қылмыстық әрекетін үйінде отырып жүзеге асырған. Яғни компьютер, түрлі-түсті принтер және ламинатордың көмегімен құжаттарды жасап, жергілікті  тұрғындарға сатқандығы анықталды.

Пысықайды өзіндік қауіпсіздік басқармасының мамандары  жедел іс-шара барысында қолға түсірді.

Ерболат Сарқұлов, ПД баспасөз қызметінің басшысы:

- Оның пәтерінде тінту кезінде кеңсе жабдықтарынан басқа, ІІМ қызметкерлерінің куәліктеріне арналған жүзден астам мұқаба алынды. Қылмыстық іс қозғалды, күдікті жасап, сатып үлгерген қызметтік куәліктерді анықтау және тәркілеу бойынша шаралар қабылданды.