loader

Тәртіп сақшыларының заңсыз әрекеті бойынша қайда шағымдануға болады?

Тәртіп сақшыларының заңсыз әрекеті бойынша қайда шағымдануға болады?

Алматы полициясы тәртіп сақшыларының заңсыз әрекеті бойынша қайда шағымдануға болатынын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өзіндік қауіпсіздік басқармасында келіп түскен қоңырауларды есепке алу автоматты түрде жүргізіледі. Бұл дабылдарға жылдам жауап беруге мүмкіндік береді. – ӨҚБ-да сенім телефоны көп жыл бойы жұмыс істеп келеді. Бұл ішкі істер органдары қызметкерлері тарапынан құқықтары бұзылған азаматтармен қарым-қатынас жасаудың тиімді алаңы. Бұл бағыттың негізгі модераторы – біздің бөлімше. 8-707-927-67-69 нөмірі тәулік бойы қоңырауларды қабылдайды. Сонымен қатар полиция қызметкерлерінің заңсыз және әдепсіз әрекеттері анықталған жағдайда http:egov.kz электронды үкімет порталы және басқа да қолжетімді ақпараттық ресурстар арқылы арыз/өтініш қалдыруға болатынын ескертеміз. Полиция қызметкерлерінің әрекетіне қатысты азаматтардың әрбір арызы жан-жақты тексеріліп, сараптаудан өтеді, – деді Алматы қалалық ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы Ерік Жұмабай.

Полиция департаменті тәжірибеде қызметтер мен бөлімшелер қызметкерлерінің қызметін бақылаудың бірнеше түрлері бар екенін атап өтті.

– Мәселен, кеудеге арналған бейнетіркегіштердің көмегімен біз жол полициясы инспекторларының жұмыс сапасын тексеріп қана қоймай, даулы мәселелерді шешуге мүмкіндік аламыз. Сонымен қатар бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюдың айтарлықтай тиімді шарасы. Сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқықтарын мүлтіксіз сақтау, олардың қылмыстық және әкімшілік қудалау орбитасына негізсіз тартылуына жол бермеу мәселелері ҚР ІІМ мен Алматы қалалық ПД басшылығының тұрақты бақылауында екенін хабарлаймыз, – деді Жұмабай.

 

Сондай-ақ...