Алматы облысы аумағында жасырылған қару-жарақ табылды

Іле ауданында болған жедел іздестіру іс-шарасы барысында тәртіп сақшылары Калашников автоматының үш бірлігін, Макаров жауынгерлік тапаншасын, екі граната мен жүзден астам түрлі патронды тауып тәркіледі.

Аталған дерек Іле аудандық полиция басқармасында қылмыстық кодекcтің 287 бабы бойынша тіркелді. 

Іздестіру жалғасып жатыр.