Елде екі жылда 237 әскери қызметкер қайтыс болды

Оның 50-і өз-өзіне қол салған. 89-ы түрлі дерттен көз жұмды. Сенат депутаты Дана Нұржігіт мұның өзекті мәселе екенін алға тартты. Себебі әскерге шақырылған жастардың денсаулығы отан алдындағы борышын өтеуге жарамайды.

Сондықтан депутат жасөспірімдердің тән мен рух саулығына ертеден мән беру керек дейді. Баланың психофизикалық портреті арнайы электронды кітапшада сақталуы керек. Бұл  денсаулығында кәнараты бар жастардың әскер қатарына алынбауына сеп болады.

Дана Нұржігіт, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Жақында қорғаныс министрлігі 2022-2025 жылдарға арналған өмірді сақта жобасын бекітті. Бұл әскердегі суицид, әлімжеттік, сарбаздың өліміне әкелген оқиғалардан кейін халықтың жанайқайынан туған бағдарлама деп айтуға әбден болады. Мәселені сараптай келе бұл фактілердің барлығы да себеп емес, салдар. Ал себеппен күресте кешенді жоспар мен мемлекет деңгейіндегі ауқымды шаралар қажет.