Жамбыл облысында жарылыс кезінде жоғалған жауынгер жерленді

Жамбыл облысындағы жарылыстан кейін із-түзсіз жоғалған жауынгерді бүгін туыстары ақтық сапарға шығарып салды. Әскерилер екі ай бұрын табылған дене мүшелерінің Бауыржандікі екенін, сараптама қортындысынан кейін растады. 

Бір жыл үш ай хабар-ошарсыз кеткен әскеримен бүгін қоштасу рәсімі өтті. Бауыржанның қазасын естіген ағайын туыстары мен ауылдастары көңіл айтуға жиналды. Негізінен кіші сержанттың дене қалдықтары бірнеше ай бұрын табылған. Сараптаманың ұзаққа созылуына байланысты жауынгердің өлімі енді ғана расталып отыр.

Талғат Дәуітбаев, Б. Дәуітбаевтың әкесі:

- Сол сүйек болып шықты. Ол сүйекті Шымкент анықтай алмады, свойствосы жоқ, мен сосын әскерилерге талап қойдым. Алматы мен Астанаға неге жүгінбеске деп. Содан ол кісілер жарайды деп тыңдап, содан Алматыдан осындай нәтиже шығып отыр.

«Бауыржан Дәуітбаевты көрдім», «Шекара асты» деген шопандардың пікіріне байланысты іздестіру жұмыстары тоқтамаған еді. Қорғаныс саласының қызметкерлері дене қалдықтарын қару-жарақ қоймасының техникалық аумағыннан тапқан. 175 гектарды сүзіп шыққан жауынгерлер кіші сержанттың дене мүшелері үйіндінің астынан табылды дейді. «Жойқын жарылыстан соң, топыраққа көміліп қалуы мүмкін», - дегенді айтуда. Мамандар оның тек 60%-ін ғана аршып алған.

Еркін Әбсадықов, 28\349 әскери бөлімінің командирі:

- 28 қыркүйекте түстен кейін табылды нақтырақ айтсақ.   Шамамен маштабты білетін шығарсыздар. Топырақ шашылады. Сол топырақтың астынан, қатты тереңдіктен табылды.

Бір ай бұрын Бауыржанды жақындарының өтінішімен сот өлілер санатына қосқан. Енді қызмет барысында қаза болған азаматтың отбасына, әкімдік пен қорғаныс саласынан 35 млн. теңгеден аса көлемде көмек қаржы беріледі. Еске салсақ Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы жарылыстан 18 адам қаза болды.

Бақилық болған Бауыржан Дәуітбаевты туыстары мен ауылдастары және қарулас әріптестері ақтық сапарға шығарып салды. Табылған денесінің бөліктерін өзі қызмет еткен  әскери бөлім маңындағы бейітке жерледі. Айта кетейін, Бауыржанның артында жары мен 5 баласы қалды. Кенжесінің есімін туыстары ырымдам Амангелді қойған еді. Бірақ қаралы хабар кеше кеште жетіп, батыр сол күйі оралмады.

Авторлары: Мерей Бает, Тимур Сейілхан, Руслан Ахатіллә

Сондай-ақ...