Ақтауда 2 қыз баланы қаққан ер адам ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатылды

«Ниссан» автокөлігі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан балаларды басып кеткен сәті ғаламторда жарияланған болатын. 5 және 6 жастағы қыздардың анасы сол сәтте олармен бірге болған.

Өкінішке қарай, бүлдіршіннің біреуі сол жерде көз жұмып, екіншісі дереу ауруханаға жеткізілген. Қазіргі жағдайы қалыпты. Жалпы биылдыққа Маңғыстау облысында балаларға қатысты 104 жол апаты тіркелген. Солардың салдарынан 131 жеткіншек түрлі дене жарақатын алған.