Қостанайда мектеп мұғалімі итке таланды

Бос жүрген питбуль итімен серуендеп келе жатқан әйелге лап қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үстіндегі қалың қысқы киімнің арқасында қала тұрғыны аман қалды.

Ал питбуль иесі жапа шеккен кісіге көмек көрсетпей, оқиға орнынан ізім-ғайым жоқ болып кеткен.  Аяқ-қолы жарақаттанып, ес-түссіз жатқан әйелді бейқамдық танытпаған екі жігіт травматология бөліміне жеткізді. Қазір әйел тиісті ем-дом қабылдап жатыр. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ал питбуль қожайынына іздеу жарияланды.

Полицейлер осы дерекке қатысты іс қозғады.